Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 52 «Меңдіқара ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 78 Қаулысы
Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімдігінің «Меңдіқара ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 52 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5429 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Меңдіқара ауданының әкімі | Г. Бекбаев |
«Келісілді»
Меңдіқара аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Меңдіқара ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 5 маусымдағы
№ 78 қаулысына
қосымша
Мендіқара ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 52 қаулысына
қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
| 1 | Ақсуат ауылы | Ақсуат көшесі, 39, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылысының сол жағында |