«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 47 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1409 қаулысымен бекітілген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 47 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
1409 қаулысымен
бекітілген
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының
2013 - 2022 жылдарға арналған даму стратегиясы
Кіріспе
1. Ағымдағы жағдайды талдау
2. Миссиясы, пайымы
3. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің негізгі көрсеткіштері және күтілетін нәтижелер
Кіріспе
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 822 қаулысына сәйкес компанияның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды. 2015 жылғы 29 қаңтарда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мемлекеттік акциялар пакеті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) сенімгерлік басқаруына берілді.