Теміртау қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/4 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер - 35 062 933 мың теңге,оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша - 31 420 158 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 292 067 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 295 006 мың тенге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 3 055 702 мың теңге;
2) шығындар - 34 634 801 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 428 132 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 868 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру - - 0 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған облыстық бюджетке бюджеттік алып қою көлемі 1 018 348 мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін.
3. 2024 жылға арналған қалалық бюджеттің түсімдері құрамында жоғары тұрған бюджеттерден берілген нысаналы трансферттер 4-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
4. 2024 жылға арналған қалалық бюджет шығындары құрамында «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 893 249 мың теңге көзделсін, оның ішінде:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге - 49 020 мың теңге;