«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 128 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 5-1 - қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Н. Сактаганов |
«Келісілді»
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының төрағасы
Д. Рыпаков
2025 жылғы «___» _______
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 21 мамырдағы
№ 128 1 қосымша қаулысына
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы «20» сәуірдегі
№118 қаулысына
1 - қосымша