Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 169 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» (коды 261101147, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» (коды 261101147, индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» (коды 261101148, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық қызметтердің тарифтері туралы есеп» (коды 261101148, индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің тарифтері туралы есеп» (коды 261101149, индексі 1-тариф (байланыс), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;