«2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2024 жылға мынадай:
1) кiрiстер - 20 194 797 994 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 15 759 823 678 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 361 446 610 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 2 750 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 4 070 777 706 мың теңге;
2) шығындар - 23 316 158 487 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 363 477 575 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 617 804 497 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 254 326 922 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 49 929 694 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 49 929 694 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -3 534 767 762 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,6 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 768 687 762 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 6,5 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 534 767 762 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің, Президенті Іс Басқармасының басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;