«2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №223-32/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 273-38/11 шешімі
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 99 331 771,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 23 200 460,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 733 633,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 402 016,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 64 995 661,6 мың теңге;
2) шығындар - 122 826 575,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 997 924,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 196 600,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 194 524,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 192,7 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 192,7 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 22 497 072,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 22 497 072,7 мың теңге;
қарыздар түсімі - 25 683 843,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 087 471,5 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 6 900 701,2 мың теңге.
2. Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Құттықожаев |
Қызылорда қалалық мәслихатының
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 273-38/11 шешіміне 1-қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2024 жылғы 18 желтоқсандағы
№223-32/1 шешіміне 1-қосымша
2025 жылға арналған қалалық бюджет