Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 293 бұйрығы
(2014.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының басқару қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.
2. ІІМ комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары жеке құрамның Регламентті зерделеуін және оны бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2014.24.04. № 237 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мәселелерді ведомствоаралық деңгейде пысықтауды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне тар ведомстволық сипаттағы хаттар жобасын дайындау практикасына тыйым салынсын.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2014.24.04. № 237 бұйрығымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Құпиялылық режим талаптарын ескере отырып, нормативтік құқықтық актілер жобаларын тек мемлекеттік органдардың Интранет-порталы арқылы келісу қамтамасыз етілсін.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2014.24.04. № 237 бұйрығымен 2-3-тармақпен толықтырылды
2-3. Құқықтық статистиканың ресми статистикалық деректерін ішкі істер департаменттерінен қосымша сұрау салулар мен есеп берулерді қалыптастырусыз барынша пайдалану қамтамасыз етілсін.
3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары Регламентті зерделеуді ұйымдастырсын және оның негізінде құзыреті шегінде бір ай мерзім ішінде өз аппараттарының регламентерін әзірлесін және бекітсін, оларды жеке құрамның қатаң сақтауын қамтамасыз етсін.