Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 51 шешімі
(2025.30.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ұзынкөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| маслихат төрағасы | Н. Булатов |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2025.28.03. № 156 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы
Ұзынкөл ауданы мәслихатының
2023 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 51 шешімге
1 қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1. Жалпы ережелер