Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығы
(2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Әділет министрінің 2026.10.08. № 772 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 117-1-бабының 4-тармағына, 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 595 бұйрығымен
бекітілген
Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы
атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу
қағидалары
ҚР Әділет министрінің 2026.10.08. № 772 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)