Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік мекемелердің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 134 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік мекемелердің заттай нормалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құықығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 134 бұйрығына
1-қосымша
Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік мекемелердің
заттай нормалары
| № | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Сандық мәндегі норма | Пайдаланылу мерзімі, жыл | Қолданылу саласы | Таралу саласы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1-тарау. Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары |