Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 ж. 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы
(2023.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 ж. 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2022.21.04. № 5 Нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-нің» деген сөз «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша:
«талап-арыз», «талап қою арызына», «талап-арызды», «талап-арыздың», «Талап-арыздың», «талап-арызының», «талап-арызын», «Талап-арыз», «талап-арыздар», «талап арыз» деген сөздер тиісінше «талап қою», «талап қоюға», «талап қоюды», «талап қоюдың», «Талап қоюдың», «талап қоюының», «талап қоюын», «Талап қою», «талап қоюлар», «талап қою» деген сөздермен ауыстырылды;
«талапкер», «талапкердiң», «талапкерге», «қойылған талапты», «талаптан» деген сөздер тиісінше «талап қоюшы», «талап қоюшының», «талап қоюшыға», «талап қоюды», «талап қоюдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дәлелдеу» деген сөз «уәждеу» деген сөзбен ауыстырылды (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Сот актілерін шығаруды регламенттейтiн Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.03. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бірінші сатыдағы сот АПК-нің 21-бабының бірінші бөлігіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары нысанында қабылдайды. Апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар сот актілерін ұйғарымдар мен қаулылар нысанында қабылдайды.