2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5533939,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4282991,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7941,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 1243007,0 мың теңге;
2) шығындар - 5533939,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттер - -67676,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 7384,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 75060,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 67676,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -67676,0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 7384,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 75060,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:
салықтық түсімдер бойынша:
табыс салығы, оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы;
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
меншікке салынатын салықтар, оның ішінде мүлікке салынатын салықтар;
тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде:
акциздер;
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар;
заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер, оның ішінде мемлекеттік баж;
салықтық емес түсімдер бойынша:
мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде:
мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
мемлекеттік бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар;
мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер;