Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2./18 шешімі
Осы редакция 2022 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. № 1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.
2. № 2 қосымшаға сәйкес Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | С. Жумкина |
| Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы | С. Медебаев |
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 2./18 шешіміне 1 қосымша
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Жезқазған қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың
қағидалары