Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 1-1792 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | А. Кульгинов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 15 маусымдағы
№ 1-1792 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі
1. «Астана қаласының кейбір мемлекеттік мекемелері туралы ережелерді бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 06-2036 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 871 болып тіркелген).
2. «Жергілікті атқарушы орган өсімдік шаруашылығы саласындағы өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамының қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну нысандары мен мерзімдерін орнату туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 102-837 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 920 болып тіркелген).