Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 2/236 Қаулысы
(2024.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/623 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының ережелері бекітілсін.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекемелер:
1) Алматы қаласының әділет органдарында Мекемелерді мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 8 сәуірдегі
№ 2/236 қаулысына 1 қосымша
«Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1 тарау. Жалпы ережелер