«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 469 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидалары бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 469 қаулысымен
бекітілген
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі - грант) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) грант алушы - грант беру туралы шартқа (бұдан әрі - шарт) сәйкес грант төлемі жүзеге асырылған конкурс жеңімпазы;
2) грант беруге арналған конкурс (бұдан әрі - конкурс) - осы Қағидаларға сәйкес грант беру үшін жеңімпазды айқындау процесі;
3) жоба - жобаны іске асыру орындылығының, мерзімдерінің әлеуметтік - экономикалық негіздемесін, грант қаражаты есебінен жоспарланатын шығындардың тізбесін айқындайтын ұсынылған идеяны жүзеге асыру және іске асыру жоспары;
4) конкурстық комиссия - конкурстық өтінімдерді бағалауды жүзеге асыратын және конкурс жеңімпаздарын айқындайтын алқалы орган;
5) конкурстық өтінім - азаматтың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген, конкурсқа қатысуға арналған өтініші;
6) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;