Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетi туралы
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 255 шешімі
Осы шешімге өзгерістер енгізу туралы:
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023.24.04. № 26 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023.05.10. № 65 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023.21.12. № 115 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 21 695,0 мың теңге, оның ішінде::
салықтық түсімдер - 15 180,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 6 515,0 мың теңге;
2) шығындар - 21 695,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге - оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0,0 мың теңге.
2. 2023 жылға арналған Урожайное ауылының бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемі 6 515,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
3. 2023 жылға арналған Урожайное ауылының бюджетінде аудандық бюджетке бюджеттік алулардың көлемі көзделмегені ескерілсін.
4. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы | К. Базарбаева |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 255 шешіміне
1-қосымша