«Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 322 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 74 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 322 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25062 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы 1 осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген қаулыға 2 қосымшаның 1 тармағының 2 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік, балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспанға, демалыс және (немесе) суықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдаланұға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабында белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады»
2. «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;