Техникалық реттеу және метрология саласындағы тәуекел дәрежесінің бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 728 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 шілдедегі № 501 бірлескен бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтарының нысаны;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес метрология саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтарының нысаны бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 440 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушысының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 5 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7429 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 195-200 (27274) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);