«Сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1062 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
29) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес «Сот-гистологиялық зерттеу» кәсіптік стандарты;»;
мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
«30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес, «Сот-биологиялық (медициналық), медициналық-криминалистикалық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамалар, сот-жалпысараптамалық зерттеулер бойынша кәсіптік стандарты бекітілсін.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 30-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1062 бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
30-қосымша
Сот-биологиялық (медициналық), медициналық-криминалистикалық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамалар, сот-жалпысараптамалық зерттеулер бойынша кәсіптік
стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер