«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № А-4/127 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ А-4/127 қаулысымен
бекітілді
«Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.