Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/67-VIIІ шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | К. Сулейменов |
Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 9/67-VIII шешімнің
қосымшасы
Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер