COVID-19 коронавирустық инфекциясын болжау және қажетті жауапты іс-шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 7 тамыздағы № 489 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 18-тармағының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлері арасында міндеттерді бөлу туралы» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 431 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 452 бұйрығына» сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясын болжау және қажетті жауапты іс-шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде:
1) халықаралық тәжірибенің жаңа деректерін ескере отырып, COVID-19 коронавирустық инфекциядан сырқаттанушылықтың және өлім-жітімнің барлық тіркелген жағдайларын талдауды қамтамасыз етілсін;
2) COVID-19 коронавирустық инфекциясын болжау бойынша ұсыныстар және оның деңгейін төмендетуге бағытталған қажетті жауап іс-шаралары бойынша ұсынымдар әзірленсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды цифрландыру департаменті «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден COVID-19 коронавирустық инфекциядан сырқаттанушылықтың және өлім-жітімнің барлық тіркелген жағдайлары бойынша жұмыс тобының мүшелеріне ақпарат беруге жәрдемдессін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.