Шымкент қаласы бойынша 2024 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 3320 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы бойынша 2024 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 5 шілдедегі
№ 3320 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласы бойынша 2024 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және
субсидиялар нормалары
| № | Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) түрлері | Пестицидтердің топтары бойынша әсерлі зат | Өлшем бірлігі (литр, килограмм) | Субсидиялар нормасы (теңге) |
| 1 | ЭСТЕТ, эмульсиялық концентрат | 2-этилгексил эфирі түріндегі 2,4-Д дихлорфеноксисірке қышқылы, 600 грамм/литр | литр | 3 086,0 |
| 2 | ПРИМАДОННА эмульсия суспензиясы | 2 - этилгексил эфирі түріндегі 2,4-Д қышқылы, 300 грамм/литр + флорасулам, 3,7 грамм/литр | литр | 3 375,0 |