Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 50/4 шешімі
(2022.27.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021.28.06. № 5/4 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021.28.06. № 5/4 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы | А. Рафальский |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021.17.03. № 3/6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.28.06. № 5/4 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.16.03. № 15/16 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.27.07. № 19/3 шешімімен (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаты
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 50/4 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының
тізбесі
| р/с № | Қатынастар |
| Аққайың ауданы |
| Ауылдық қатынас |
| 1. | Смирнов ауылы: «автостанция – № 3 орта мектеп – темiржол вокзалы – № 2 орта мектеп – «Балапан» балабақшасы – аудандық орталық аурухана – автостанция» қатынасы |
| Ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынас |
| 2. | Смирнов ауылы – Петропавл қаласы (Лесное ауылы арқылы) |