Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-4 шешімі
Осы редакция 2021 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы | Ғ. Бекмағамбетов |
| Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы | Ә. Баймағамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының
2019 жылғы 25 қазандағы
№ 6С-38-4 шешімімен
бекітілген
Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бекітілді және Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.