«Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 33 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 159 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 33 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8297 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілcін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |
Ақтөбе облыстық мәслихатының
2024 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 159 шешіміне қосымша
2021 жылғы 17 мамырдағы № 33
Ақтөбе облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша
Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының
тізбесі
| № р/с | Бағыт нөмірі | Қатынастар |
| 1. | 1 | «Тұрғындар қалашығы» аялдамасы -А.С.Пушкин атындағы саябақ |
| 2. | 2 | Есет батыр шағын ауданы - «Сапар автовокзалы» ЖШС |
| 3. | 3 | «Нан комбинаты» аялдамасы - «Қазхром ТҰК» АҚ» |
| 4. | 4 | «Нан комбинаты» аялдамасы - «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ |
| 5. | 5 | «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Көпсалалы облыстық аурухана» МКК - Жібек жолы тұрғын үй алабы |
| 6. | 6 | «Тұрғындар қалашығы» аялдамасы - Алтын орда шағын ауданы - Жаңатұрмыс тұрғын үй алабы |
| 7. | 7 | Т.Рысқұлов көшесі - «Темір жол вокзалы» аялдамасы |
| 8. | 8 | «Тұрғындар қалашығы» аялдамасы - Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы |
| 9. | 9 | «Западно-Казахстанская ярмарка» ЖШС - Ақтөбе қаласының №5 Жалпы білім беретін орта мектебі |
| 10. | 10 | «Гүлдәурен» аялдамасы - «Болашақ» аялдамасы |
| 11. | 11 | Т.Рысқұлов көшесі - А.С.Пушкин атындағы саябақ |
| 12. | 13 | Кірпішті көшесі - Орталық базар |