ҚР СТ EN 10279-2016
Ыстықтай иленген болат швеллер
Пішінінің, өлшемдері мен салмағының шақтамалары
Осы ұлттық стандарт EN 1027:2000 еуропалық стандартының бірдей жаңғыртуы
болып табылады және CEN рұқсат етуімен қабылданған, Брюссель, Марникс даңғ.,
В-1000 мекенжайы бойынша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Анықтамалар
4. Көлемі және пішіні бойынша шақтамалар
5. Салмағы
6. Ұзындығы
В.А қосымшасы (ақпараттық). Ұлттық стандарттың сілтемелік еуропалық стандартқа сәйкестігі туралы мәлімет
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт тарыла түсетін немесе параллельді ернемектермен ыстықтай иленген болат швеллерлер көлемдері, пішіндері және салмақтары бойынша шақтамаларының талаптарын белгілейді.
Осы стандарт тот баспайтын болаттардан жасалынған швеллерлерге таралмайды.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік құжаттар қажет. Күні көрсетілмеген сілтемелер үшін сілтемелік құжаттың соңғы басылымы қолданылады (барлық өзгерістерін қосқанда):
EN 10079:2007 Definition of steel products (Болат өнімдеріне арналған анықтамалар).
3. Анықтамалар
Осы стандартта EN 10079 бойынша анықтамалар қолданылады.
4. Көлемі және пішіні бойынша шақтамалар
4.1 Профиль биіктігі (h)
Шартты профиль биіктігінен (h) ауытқу тарыла түсетін ернемектермен швеллерлерге арналған 1-кестеде және параллельді ернемектермен швеллерлерге арналған 2-кестеде көрсетілген шекті шамасында болуы қажет.
4.2 Ернемектің ені (b)
Ернемектің шартты енінен (b) ауытқу тарыла түсетін ернемектермен швеллерлерге арналған 1-кестеде және параллельді ернемектермен швеллерлерге арналған 2-кестеде көрсетілген шекті шамасында болуы қажет.
4.3 Профиль қалыңдығы (s)
Ернемектің шартты қалыңдығынан (s) ауытқу, егер профиль биіктігінің орта нүктесінен өлшесе, тарыла түсетін ернемектермен швеллерлерге арналған 1- кестеде және параллельді ернемектермен швеллерлерге арналған 2-кестеде көрсетілген шамасында болуы қажет.
4.4 Ернемектің қалыңдығы (t)