«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 247 бұйрығы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2019 жылғы 24 шілдедегі
№ 247 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 110 бұйрығына
2-қосымша
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі
комиссия құрамы
Абаев Дәурен Әскербекұлы | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Комиссия төрағасы |
Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Комиссия төрағасының орынбасары |
Комиссаров Михаил Александрович | - | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, Комиссия хатшысы |