«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 366 бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштері» деген 3.1-бөлім осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-бөлімде
3-стратегиялық бағытта:
| « |
| «Әлеуметтік көмек: АӘК, МБЖ» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны Министрліктің Әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - ӘЕСБАЖ) кіріктіру |
| » |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
| « |
| «Әлеуметтік көмек: АӘК, МБЖ» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
| »; |
6-стратегиялық бағытта:
| « |
| «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны ӘЕСБАЖ-бен кіріктіру |
| » |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
| « |
| «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
| »; |
7-стратегиялық бағытта:
| « |
| «Байланыс орталығы» ақпараттық-анықтамалық орталығының, «Әлеуметтік көмек: МБЖ, АӘК», «Е-собес» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды ӘЕСБАЖ-бен кіріктіру |
| » |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: