Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 92 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенинвест» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзен жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенэнергосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
| Жаңаөзен қаласының әкімі | Ж. Қайнарбаев |
Жаңаөзен қаласының әкімдігінің
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 92 қаулысына қосымша