«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 208 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы 1-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде: