Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 01 шешімі
(2023.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелері құрылсын, қосымшаға сәйкес.
2. «Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Петропавл қаласы әкімінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 25 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2017 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4276 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Петропавл қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е.В. Мамыкин
«___»_________2019 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2019.24.09. № 30 шешімімен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2020.20.10. № 25 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.15.09. № 24 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 1649 шешімімен (2023 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы әкімінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 01 шешіміне
қосымша
Сайлау учаскелері
№ 571 сайлау учаскесі