Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 303/НҚ бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205-НҚ бұйрығымен бекітілген Агенттік Регламентінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Агенттіктің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Құрылымдық бөлімшелерінің басшылары 2026 жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментіне Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы есепті ұсынсын.
3. Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті 2026 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы есепті қалыптастырсын және оны Төрағаның қарауына ұсынсын.
4. Жоспардың іс-шараларын іске асыру мерзімдерінің сақталуын бақылау Әкімшілік-қаржы департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 303/НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2025 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
| Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты лауазымды адам | Жауапты құрылымдық бөлімше | Орындау мерзімі | |
| 1. Бәсекелестікті дамыту бойынша жалпы мәселелер |