Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 107-1013 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Жакеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | А. Кульгинов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 6 сәуірдегі
№ 107-1013 қаулысына
қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2025 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
| р/с № | Кадрларды даярлау бағыты | Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны) | Бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 350 | 377 908 |
| 2 | Дене тәрбиесі және спорт | 50 | 377 908 |
| 3 | Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 350 | 377 908 |
| 4 | Музыкалық білім беру | 15 | 377 908 |
| 5 | Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 200 | 377 908 |
| 6 | Информатика | 35 | 377 908 |
| 7 | Мейіргер ісі | 200 | 382 000 |
| 8 | Акушерлік іс | 25 | 382 000 |