«Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту және «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 336 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 38, 40, 41, 42-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 12-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы», «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережелерді аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді жүргізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысы әкімдігінің
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 336 қаулысына 1-қосымша
«Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.