«Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 436 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 830 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34728 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген көшпелі кедендік тексеру актісінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 830 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы 11 шілдедегі
№ 436 бұйрығымен
бекітілген
нысан
«БЕКІТЕМІН»
Мемлекеттік кірістер
органының басшысы
(оны алмастыратын адам)
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер
ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)
(бұдан әрі - ТАӘ))
__________ _________
(қолы) (күні)
№ _____ көшпелі кедендік тексеру актісі
| 20_____жылғы «_____» ______________ (жасалған күні) | ______________________ (тексеруді жүргізу орын) |