Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы
(2023.19.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2016 жылғы шілденің 4-і.
№ 295
ҚР Президентінің 2016.31.10. № 366 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.04.11. № 369 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2017.14.03. № 446 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2018.04.08. № 723 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 75 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 2019.22.07. № 76 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.18.01. № 495 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.14.06. № 927 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.26.11. № 5 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 78 Жарлығымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.01. № 106 Жарлығымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 4 шілдедегі
№295 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың
тізбесі
| Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары | Бағалауды жүргізетін уәкілетті адам |
| |
| Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері | жұмысы бағаланбайды |
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қазақстан Республикасының Президенті |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі | Қазақстан Республикасының Президенті |