ҚР Қаржы министрінің 2024.31.07. № 500 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
ҚР Қаржы министрінің 2026.02.02. № 69 бұйрығымен оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда (2026 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 665 бұйрығына
15-қосымша
«Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
(2026.17.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Қаржы министрінің 2026.02.02. № 69 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі - портал);
2) «KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы www.keden.kgd.gov.kz (бұдан әрі - «KEDEN» АЖ) жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген.