ҚР СТ EN 382-1-2013
Ағаш талшықты тақталар
Беткі сіңіруді анықтау
1-бөлім. Құрғақ әдісі бойынша талшықты тақталарды сынау әдістері
EN 382-1:1993 Fibreboards-Determination-of surface absorption - Part 1: Test method for dry process fibreboards (IDT)
Осы стандарт EN 382-1:1993 еуропалық стандартты жүзеге асыруымен бірдей болып
табылады және мына мекенжай бойынша В-1000 Брюссель, пр. Марникс 17
CEN рұқсат етуімен қабылданған
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Принцип
4. Аппаратура
5. Сынауға арналған үлгілер
6. Сынау әдісі
7. Нәтижелерді өңдеу
8. Сынау хаттамасы
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт құрғақ тәсілмен ағаш талшықты тақтаның беткі сіңіруін анықтау әдісіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік құжаттар қажет. Күні көрсетілген сілтемелер үшін сілтемелік құжаттың соңғы басылымы қолданылады (барлық өзгерістерді қосқанда):
EN 324-1:1993 Wood-based panels - Determination of dimensions of boards - Part 1: Determination of thickness, width and length (Ағаш тақталар. Үлгі өлшемдерін анықтау. 1-бөлім. Қалыңдығын, енін және ұзындығын анықтау).
EN 326-1:1994* Wood-based panels - Sampling, cutting and inspection - Part 1: Sampling and cutting of test pieces and expression of test results (Ағаш панельдер. Сынауға арналған үлгілерді іріктеу, дайындау және бақылау. 1-бөлім. Сынауға және сынау нәтижелерін өрнектеуге арналған үлгілерді іріктеу және дайындау).
ISO 835:2007* Laboratory glassware - Graduated pipettes (Зертханалық шыны ыдыс. Өлшеуіш градуирленген тамызғыштар)1).
______________________________
1) ISO 835:2 орнына қолданылады