Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № А-2/41 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ А-2/41 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының
тізбесі
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 5 маусымдағы № А-6/261 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4868 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Ақмола облысы әкімдігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/533 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5165 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Ақмола облысы әкімдігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/537 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5164 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).