Мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығы
(2022.03.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.02.02. № 5 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.14.09. № 22 бұйрығымен (2022 ж. 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Кітапхана қызметі туралы есеп» (индексі 1-кітапхана, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Кітапхана қызметі туралы есеп» (индексі 1-кітапхана, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Хайуанаттар паркі, океанариум қызметі туралы есеп» (индексі 1-хайуанаттар паркі, океанариум, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Хайуанаттар паркі, океанариум қызметі туралы есеп» (индексі 1-хайуанаттар паркі, океанариум, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;