2023-2025 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 338 шешімі
(2023.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ШЕШТІ:
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023.24.04. № 16 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.18.07. № 71 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.10. № 109 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.15.12. № 131 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2023-2025 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 6806303,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 3847189,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 22257,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 2936857,8 мың теңге;
2) шығындар - 6916805,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттер - -66383,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 8698,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 75081,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -44118,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 44118,4 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 8698,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 75081,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 110501,4 мың теңге.
2. Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:
салықтық түсімдер бойынша:
табыс салығы, оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы;
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
меншікке салынатын салықтар, оның ішінде мүлікке салынатын салықтар;
тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде:
акциздер;
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар;