Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 11 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылға арналған ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
3 ақпандағы № 11 қаулысына
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы