«Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 3 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 3 Қаулысымен күші жойылды
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Петропавл қалалық мәслихат төрағасы | А. Бердагулов |
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қалалық мәслихатының
2023 жылғы 24 қарашадағы
№ 3 шешімге қосымша
Петропавл қаласы мәслихатының
2016 жылғы 18 қаңтардағы
№ 6 шешімімен бекітілген
Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Петропавл қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):