Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 405 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Жоспардың орындалуы үшін жауапты басқа да ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 1 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 405 қаулысымен
бекітілген
Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар
жоспары
| Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Іске асыру мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| БҰҰ-ның шарттық органдары және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру |