Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстың мәслихатыныі 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/358-V шешімі
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/437-VI шешімімен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 506-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2.Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 9/76-V «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 11 қаңтарда 2206-нөмірмен тіркелген, 2013 жылы 19 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы | Н. Әбішов |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ. Ержан |
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 44/358-V шешіміне 1-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман
пайдаланудың төлемақы ставкалары
| Р/с | Орман пайдаланудың түрлері | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкалары (теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |