Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 121 шешімі
Осы редакция 2025 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | М. Тлеумбетов |
Қызылорда облыстық мәслихатының
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 121 шешіміне қосымша
| № | Ауру түрі | Халық санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар | Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны) |
| 1 | Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз) МКБ Е84-Е84.9 | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың дәрежесіне қарамастан барлық түрлері | Ацетилцистеин (таблетка) |
| Орта тізбелі триглициридтері бар мамандандырылған қорек (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған.3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады) |
| 2 | Идиопатикалық және екіншілік өкпе артериясының гипертензиясы МКБ -I27.2 | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | II, III, IV сатылары | Риоцигуат (таблетка) |
| Мацитентан (таблетка) |
| 3 | Аяқтың эмболиясы және тромбозы МКБ I74.4 | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Басқа антикоагулянттық дәрілік препараты қолдану мүмкін болмағанда | Ривароксабан (таблетка) |
| Эноксапарин натрия (инъекцияға арналған ерітінді) |