«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 163 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 445 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
Аймағамбетов Асхат Қанатұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Жылбаев Жанбол Октябрұлы - «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының президенті;
Кәрімова Бейбіткүл Сарсемханқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры;
Нұркешов Тимур Сейітқожаұлы - Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры;